Are you having issues? Select the issue you are having below and provide feedback to Kitap.
Complete guide to troubleshoot Kitap app on iOS and Android devices. Solve all Kitap app problems, errors, connection issues, installation problems and crashes.
Table of Contents:
Some issues cannot be easily resolved through online tutorials or self help. So we made it easy to get in contact with the support team at CreativeTeam, developers of Kitap.
this app қосымшасы – қазақ тіліндегі кітаптар мен аудиокітаптардың ең үлкен қоры. this app қосымшасын жүктеп алсаңыз, қазақ және әлем әдебиетінің жауһарларын өзіңізге ыңғайлы уақытта әрі кез келген жерде оқып, тыңдай аласыз. Мұнда әр адам білуі тиіс классикалық шығармалар, әлемдік бестселлерлер, ғылыми-танымдық және іскерлік әдебиеттер, психология, тарих пен балаларға арналған таңдаулы шығармалар жинақталған. this app сізге өзге жерден таппайтын таңдаулы, сапалы аудиокітаптарды ұсынады. Оларды елімізге танымал кәсіби дикторлар дыбыстады. this app – серуенде, сапарда, ұзын-сонар кезекте, ұйқы алдында немесе тыныққан сәтте уақытыңызды тиімді әрі пайдалы өткізуге септесетін көмекші. Абай өлеңдері мен Қара сөздері, поэмалары мен аудармаларынан бастап, Мұхтар Әуезов романдары мен әңгімелері, Бейімбет Майлин, Жүсіпбек Аймауытовтардың үздік шығармалары, әлемдік бестселлер – Cтивен Ковидің «Жасампаз жандардың 7 дағдысы», Юваль Ноаһ Хараридің «Sapiens: Адамзаттың қысқаша тарихы» секілді еңбектеріне дейін қазақ тілінде оқып, тыңдай аласыз. Қосымшада өзіңізге ұнаған кітаптарды Сөреге жинақтауға, кітаптарды жүктеп алуға, достарыңызбен бөлісуге де мүмкіндік берілген. this app қосымшасын не үшін жүктеп алуым керек? this app қосымшасы сізге ұнайтын, сіз іздеп жүрген, бүкіл әлем оқып, талқылап жатқан кітаптар мен оның аудионұсқасын онлайн немесе жүктеп алып тыңдауға мүмкіндік береді. this app-тың басқа қосымшалардан ерекшелігі неде? • Кітап туралы пікір білдіріп, талқыға қатысып, баға бере аласыз. this app-та балаларға арналған шығармалар бар ма? Әрине! Балалар әдебиеті біздің қосымшаның негізгі бөлігін құрайды. Түрлі жанрдағы ертегілер саны 400-ден асады және ол ұдайы толығып отырады. Мұнда мектеп бағдарламасындағы барлық шығарма толық дыбысталған. Аудиокітаптарды жүктеуге бола ма? Иә, таңдаған кітапты жүктеп алуға болады. Жүктелген кітаптар Сөреге жиналады. Қосымшаға жазылу құны қанша? Жазылым құны – айына 1790 теңге. • Жаңа шығармалар сапалы дыбысталып, қор үнемі толығып отырады.